Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысын қабылдады
19:12 / 2023-07-12

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 12 шілдеде Өзбекстанға іскерлік сапармен келген Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас хатшысы Зураб Пололикашвилиді қабылдады.

БҰҰ жүйесінің осы жетекші салалық ұйымымен Өзбекстанның заманауи туристік инфрақұрылымын дамыту және республикадағы туристік бағыттарды танымал ету бойынша кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мәселелері талқыланды.

Сұхбат басында Бас хатшы Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдары мен институттары атынан Мемлекет көшбасшысын Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, бақыт пен толағай табыстар тіледі.

Биылғы жылы туристік желінің басты халықаралық оқиғасы – қазан айында Самарқандта ЮНВТО Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясына дайындық және оны өткізуге ерекше назар аударылды.

Өзбекстанда заманауи және қолайлы туристік инфрақұрылымды құру бойынша жобаларды жүзеге асыруға жетекші инвесторларды – танымал шетелдік компаниялар мен брендтерді тарту бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, Өзбекстанда білім беру және жоғары білікті мамандарды даярлау саласында, оның ішінде ЮНВТО халықаралық академиясын және тақырыптық кабинетті құру бойынша бірлескен шаралар кешені жүзеге асырылатын болады.