Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті «China Energy» концернімен практикалық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдады
13:09 / 2023-10-18

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қытайға сапарының екінші күнгі іс-шаралары аясында «China Energy Engineering Corporation» төрағасы Сунь Хайлянмен кездесті.

Заманауи энергетикалық, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандарды жобалау мен салуда үлкен тәжірибесі бар Қытайдың жетекші «China Energy» корпорациясы әлемнің көптеген елдерінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Компания активтерінің құны 150 миллиард доллардан асады.

Кездесуде компания Өзбекстанның энергетика саласын технологиялық жаңғыртуға белсенді түрде атсалысатыны атап өтілді.

«China Energy» Қашқадария және Бұхара облыстарында күн және жел электр станцияларын, Сырдария ауданында жылу электр станциясын салу жобаларын жүзеге асыруда.

Компания Науаи аймағындағы гибридті электр станциясының құрылысына қатысуға ниетті.

Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйек айында Самарқанд облысында цемент өндіру бойынша заманауи қуаттар іске қосылды.

2030 жылға дейінгі энергетикалық желіні дамыту бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық нысандарды жаңғырту, энергия сақтау жүйесін ұйымдастыру, білікті мамандарды даярлауды қоса алғанда, «China Energy» компаниясымен әріптестік перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастыққа, өнеркәсіптің әртүрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша кешенді бағдарламаны дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.