Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Бүкіләлемдік триатлон одағының басшысын қабылдады
19:29 / 2025-05-26

26 мамыр күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында триатлон және паратриатлон бойынша әлем кубогы аясында елімізге келген Бүкіләлемдік триатлон одағының басшысы Антонио Фернандес Ариманиды қабылдады.

Кездесу барысында осы беделді жаһандық ұйыммен Өзбекстанда триатлон спортын кеңінен насихаттау және ұлттық триатлон мектебін қолдау бағытында практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Өзбекстанда триатлон спортының қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Ұлттық федерация қызмет атқаруда, халықаралық жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, ал өзбекстандық спортшылар құрлықтық және әлемдік рейтингтерде өз орындарын нықтап келеді.

Кездесу барысында спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер мен спорт менеджерлерін даярлау, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру, сондай-ақ сараптамалық қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.