Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 22 қаңтар күні Швейцарияның Давос қаласында өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысты.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың төрағалығымен өткен іс-шараға Аргентина, Армения, Бахрейн, Болгария, Индонезия, Иордания, Марокко, Моңғолия, Әзербайжан, Парагвай, Пәкістан, Қатар, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Венгрия және басқада мемлекеттердің басшылары, премьер-министрлері мен сыртқы істер министрлері қатысты.


Бейбітшілік кеңесінің құрылуы Өзбекстанның сыртқы саясатындағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына және көпжақты ынтымақтастықты қолдауға негізделген басым міндеттеріне толық сай келеді. Жаңа құрылым БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясымен қолдау тапқан Газадағы қақтығысты тоқтатуға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында қалыптастырылып отыр.


Бейбітшілік кеңесі қақтығыстың ушығу қаупін азайтуға, Газа секторында экономикалық және әлеуметтік қалпына келтіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл тұрғыда әл-ауқаты жоғары экономикасы бар, бейбіт әрі тыныш өмірге негізделген Жаңа Газаны қалыптастыруға, болашақта Палестина мемлекетін құруға мүмкіндік туғызады.



Кеңес құрамына әлемнің түрлі елдерінен беделді әрі ықпалды көшбасшылар енді.


Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою арқылы Өзбекстан оны негізін қалаған мемлекеттердің біріне айналды. Бұл еліміздің кеңес қызметіне тұрақты түрде қатысуға, сондай-ақ барлық құрылтайшы мемлекеттер мен халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта оның өкілеттіктерін іске асыруға практикалық үлес қосуға дайын екенін білдіреді.