Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті Шейх Мансур Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесуінде көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Сұхбат басында Шейх Мансур Әл Нахаян Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және толағай табыстар тіледі. Әмірліктер Президенті Шейх Мұхаммед Әл Нахайянның сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
Өзбекстан-БАӘ қарым-қатынастары кейінгі жылдары жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді. Сауда көлемі қарқынды өсуде, бірлескен кәсіпорындар ұлғаюда. Іске асырылған инвестициялық жобалардың портфелі 4 миллиард доллардан асты.
Алдағы жоғары деңгейде өтетін іс-шараларға тыңғылықты дайындалу, оларды жаңа, практикалық мазмұнмен байыту, ең алдымен, экономика және инвестиция салаларындағы маңыздылығы атап өтілді.
Осы тұрғыда нақты ұсыныстар мен перспективалық жобаларды әзірлеу мақсатында алдағы күндері екі елдің үкіметтік делегацияларының кездесулерін өткізуге ерекше назар аударылды.