Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде 21 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы аясында жалпы пікірсайыстар басталды. Онда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бейнеүндеу арқылы сөз сөйледі.
76 -сессияның төрағасы Абдулла Шахид басшылығында өтіп жатқан пікірсайыстардың алғашқы күнінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, мүше мемлекеттердің басшылары - АҚШ Президенті Джо Байден, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Джаир Болсонару, Иран Ислам Республикасының Президенті Ибраһим Раиси, Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда, Египет Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах ас-Сиси, Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Сани және Америка, Еуропа, Азия және Африканың басқа елдері басшылары қатысты.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев өз сөзінде жаңа жағдайда БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелерінің маңыздылығы мен рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.
- Бейбітшілікке, қауіпсіздікке және тұрақты дамуға трансұлттық қатерлер күшейіп келеді, климат тез өзгеруде, жаппай көші-қон ағыны ұлғайуда, дәстүрлі құндылықтар төмендеуде.
Әлем тағдырымен байланысты осы маңызды процестерде дәл осы Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің жетекшілік рөлін жаңа мазмұн және сапамен жалғастыруы тиіс. Біз Бас хатшының халықаралық қатынастар жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, ұйым қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған күш -жігерін қолдаймыз, - деді Өзбекстан басшысы.
Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының «ешкімді қараусыз қалдыруға болмайды» қағидаты бойынша вакциналардан тең және әділ қол жеткізуге бағытталған күш -жігерін толық қолдады.
Сонымен қатар, Президент соңғы жылдары жүргізілген ауқымды және жедел демократиялық реформалар артқа қайтпастай сипатқа ие болғанын атап өтті.
- Адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау біздің демократиялық реформаларымыздың негізі болып табылады. Сөз және БАҚ, дін мен ар-ождан бостандығы, гендерлік теңдік пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша оң қадамдар жасалуда», - деді Мемлекет басшысы.
- Біздің басты мақсатымыз- 2030 жылға қарай жан басына шаққандағы табыс көлемі бойынша «табысы орташа деңгейден жоғары елдердің» қатарына ену. Айта кету керек, бұл жоспар Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарының рухына сәйкес келеді, - деді Өзбекстан басшысы.
Президент Орталық Азия аймағында өзара түсіністік пен сыйластық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестік рухында мүлде жаңа саяси ортаны нығайту жөніндегі күш -жігер жалғасын табатынын айтты.
- Негізгі мақсатымыз - Орталық Азияны гүлденген және тұрақты дамып кележатқан сенім мен достық кеңістігіне айналдыру. Осы мақсатта біз көршілес және тұтас аймақтармен ынтымақтастықты нығайтуға басымдық берудеміз, - деді Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан Орталық және Оңтүстік Азияның өзара тәуелділігін күшейту туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарын қабылдау бастамасын алға тартқаны жайлы хабарланды. Осыған байланысты Ауғанстан Орталық Азияның ажырамас бөлігі екені тағы да айтылды.
- Бұл елде бейбітшілік пен тыныштық орнатуға біз ғана емес, көрші елдер, бәлкім бүкіл әлем мүдделі. Осындай қиын-қыстау шақта Ауғанстанды оқшаулап, оны проблемалар құйында қалдыру мүмкін емес. Ауған мәселесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының әсері мен дауысы бұрынғыдан да күшті болуы керек, деді Президент.
БҰҰ қамқорлығымен жаһандық экологиялық саясаттың басымдықтарын егжей-тегжейлі талқылау үшін 2023 жылы Өзбекстанда БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі жоғары деңгейдегі алтыншы Ассамблеясын өткізу ұсынылды.
- Ассамблеяға қатысушылар Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған экологиялық апаттардың орталығы болып табылатын Арал өңіріндегі қиын жағдаймен танысып, қажетті қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, біз Экологиялық Ассамблеяда Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа экологиялық саясатының негізін қалауға бағытталған жаһандық экологиялық Хартияны әзірлеу бастамасын алға тартқымыз келеді, - деді Өзбекстан басшысы.