Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 22 ақпан күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46-сессиясының жоғары деңгейдегі сегментіне қатысады.
Адам құқықтары жөніндегі кеңес - БҰҰ жүйесіндегі бүкіл әлемдегі адам құқықтарын қорғауға арналған ең ықпалды үкіметаралық органдардың бірі болып, оған бүгінде 47 ел мүше.
Өзбекстан алғаш рет өткен жылдың қазан айында 2021-2023 жылдар кезеңіне осы құрылымның мүшесі болып сайланды.
Коронавирустық пандемияға байланысты кеңестің келесі отырысы Женевада бейнеконференциялы түрде өтпек. Отырыстың күн тәртібіне адам құқықтарын сақтау мәселесі, оның ішінде азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды сақтау мен қорғауға қатысты ең өзекті мәселелер орын алған.
Айтулы шарада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар Мишель Бачелет, 150-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері мен жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады деп күтілуде.
Өзбекстан Президенті атаулы форумның бірінші күні сөз сөйлейді және ол елдегі орталық телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Мемлекет басшысы өз сөзінде елдегі демократиялық реформаларды тереңдетудің басымдықтарына және Адам құқықтары жөніндегі кеңес жұмысының негізгі міндеттеріне тоқталды.