Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады
20:24 / 2023-03-09

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 9 наурызда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лисюнь бастаған делегациясын қабылдады.

Кездесуде көпжақты әріптестікті одан әрі кеңейтудің практикалық аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы кейінгі жылдары Банкпен қарым-қатынастың жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Серіктестік портфелі 2 миллиард долларға жетті. Көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және коммуналдық салада, кәсіпкерлікті қолдауда маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкінің президенті Цзинь Лицзюнь Жаңа Өзбекстандағы реформалар бағдарламасын жоғары бағалап, оны жан-жақты қолдауға дайын екенін білдірді.

Банк кедейшілікке қарсы күресуге және ең алдымен ауылдық жерлерде жұмыс орындарын құруға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен аралас жобаларды қаржыландыру тетіктерін енгізуге, кәсіпкерлікті қолдауды кеңейтуге, маңызды салаларда Өзбекстанмен стратегиялық серіктестікті басқа салаларда дамытуға әрекет жасайтыны атап өтілді. 

Орталық Азия аймағындағы стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Кең ауқымды ынтымақтастық аясында жобаларды іске асыруды жеделдету және олардың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа орта мерзімді Серіктестік бағдарламасын және «жол картасын» әзірлеуге келісілді.