Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
09:06 / 2019-04-24

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.


Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Шавкат Мирзияев, Қазақстан Президентін 9 маусымда өткізілуі жоспарланған кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына кандидат етіп ұсынылғанымен құттықтап, оған осы маңызды саяси оқиғаны өткізуде табыстар тіледі.

Мемлекет басшылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 14-15 сәуірінде Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары қорытындысын жоғары бағалады.

Өзбекстанда Қазақстан жылының аясында кәсіпкерлікке байланысты іс-шаралар мен мәдени-гуманитарлық бағдарламалар бауырлас халықтарымыздың жақындығына қызмет ететініне назар аударды.

Қазақстан Президенті құттықтау және шынайы тілектері үшін Мемлекет басшысына алғысын айтты.

Байланыс соңында Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері стратегиялық әріптестікке, ғасырлар бойы достық пен тату көршілік қарым-қатынастарға негізделген біздің елдеріміздің игілігі үшін көп қырлы және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын атап өтті.