Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Астанаға келді
20:03 / 2024-08-07

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді.

Мемлекет басшысын Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Ертең екі ел басшыларының төрағалығымен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтеді.

Келіссөздер барысында Өзбекстан-Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын тереңдету, саясат, сауда-экономика, инвестиция, көлік-коммуникация, энергетика, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланады.

Бағдарламаға сәйкес, Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуі және «Орталық Азия + Жапония» форматындағы диалогқа қатысу да жоспарланған.