Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 25 тамызда АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және үкімет істері комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады.
Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және бірінші кезекте екі елдің парламентаралық диалогы аясында практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Өзара іс-қимылдар мен алмасулар белсене түскені атап өтілді. Екіжақты сауда көрсеткіштері өсуде, АҚШ-тың жетекші компанияларының қатысуымен табысты ынтымақтастық жобалары артып келеді. Маңызды гуманитарлық бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды ілгерілету мақсатында парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде АҚШ Президентінің бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йорк қаласында өтетін «С5+1» форматындағы бірінші саммитке дайындық барысы талқыланды.
