French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Алматы қаласына келді
13:27 / 2025-03-29

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Өзбекстан Президентінің құрметіне Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік туы көтерілді.

Бүгін Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері бейресми кездесу өткізеді. Күн тәртібінде сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, энергетика, ауыл және су шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыру мәселелері қаралады.

Сонымен қатар Мемлекет басшылары халықаралық саясат пен өңірлік ынтымақтастыққа қатысты мәселелер жөнінде пікір алмасады.