Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті «ACWA Power» компаниясының инновациялық жобаларын қолдады
19:51 / 2023-04-27

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев инвестициялық форум аясында саудиялық «ACWA Power» компаниясының басқарма төрағасы Мухаммад Абдулла Абунайянмен өткізген кездесуінде ағымдағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері мен серіктестікті түбегейлі кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Өзбекстанның «жасыл» энергетика саласын дамытуға ең көп инвестиция құйып отырған бұл компаниямен ынтымақтастықтың жемісті болып жатқанын атап өтті.

Бүгінде баламалы энергетика саласында 7,5 миллиард доллардың жобалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, күн және жел электр станцияларын салу, «жасыл» сутегін өндіру бойынша жаңа жобалар дайындалуда.

Сұхбат барысында ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективалары, ең алдымен, инновациялық жобаларды, соның ішінде Өзбекстан-Сауд Арабия іскерлік кеңесі аясында ілгерілету мәселелері талқыланды.