Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 11 наурызда Абу-Даби Әмірлігінің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме басында Мемлекет басшысы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасын туған күнімен шын жүректен құттықтады және достас БАӘ халқына сәттілік пен өркендеу тіледі.
Әңгіме басында Мемлекет басшысы Абу-Дабидің мұрагер ханзадасын туған күнімен шын жүректен құттықтады және достас БАӘ халқына сәттілік пен өркендеу тіледі.
Сұхбат барысында екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланып, 2019 жылда наурызда Біріккен Араб Әмірліктеріне жоғары деңгейдегі сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды және энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы, инфрақұрылым саласындағы бірлескен ірі жобаларды, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы бірқатар маңызды бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру маңызды екендігі атап өтілді.