English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Премьер-Министрі Тәжікстан Президентімен кездесті
21:18 / 2020-09-29

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті


Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Кездесу барысында Абдулла Арипов Тәжікстан Президентіне қабылдағаны үшін алғыс айтып, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің шынайы құттықтауы мен тілектерін жеткізді.

Эмомали Рахмон өз кезегінде Шавкат Мирзияевқа өзінің жылы сәлемін және ізгі тілектерін білдіріп, Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруда үкіметаралық комиссияның қызметі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сұхбатта, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықты жеделдетуге бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес қыркүйек айының өзінде Душанбе қаласында ғалымдар, зерттеушілер мен жетекші сарапшылардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, екі елдің парламентаралық ынтымақтастық топтарының жұмыс отырысы өтті. Соғды облысының Спитамен ауданында Өзбекстан тарапынан 630 орындық жалпы орта білім мектебі салынып, пайдалануға берді.

Осы сынды бірқатар бағыттарды қамтитын іс-шаралар өзара байланыстардың мазмұнын одан әрі байыта түскені айтылып, ашық және жылы лебізді өткен диалог барысында тараптар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты.