Өзбекстан Премьер-Министрі Тәжікстанға барды
Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов 11 наурызда Тәжікстан Республикасына барды.
«Ховар» агенттігінің хабарлауынша, жоғары мәртебелі мейманды Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Қахир Расулзода және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар барысында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Премьер-министр Абдулла Ариповты қабылдайды деп күтілуде.
Сондай-ақ 12 наурызда Душанбеде Тәжікстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Қахир Расулзода мен Абдулла Ариповтың кездесуі өтеді деп жоспарланған.