Өзбекстан Премьер-министрі Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
2020 жылы 5 қарашада Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Абдулла Арипов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің Баспасөз қызметі.
Кездесу аясында Өзбекстан үкіметінің басшысы Қырғызстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бұған дейінгі барлық келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның екіжақты қатынастарға кері әсерін жою мәселелерін талқылады.