English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Премьер-Министрі француз кәсіпкерлері делегациясын қабылдады
10:31 / 2022-07-06

Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов Ташкентке сапармен келген «MEDEF International» Франция кәсіпорындардың қозғалысы мүшелерінен құралған француз кәсіпкерлерінің делегациясын қабылдады.

Премьер-Министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, Франция Өзбекстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі болып табылады. Екі ел өзара тиімді көптеген салаларда белсенді ынтымақтасуда.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің 2018 жылғы Франция Республикасына ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихында жаңа парақ ашып, оны мүлдем жоғары деңгейге көтерді.

Қазіргі кезде француз инвестициясының қатысуымен Өзбекстанда 50-ге жуық кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Олар қатарында «Suez», «EDF», «Airbus», «Orano», «Total» және басқа да компаниялардың қызметін мысал келтіруге болады.

Сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетика, көлік, инфрақұрылымды дамыту және басқа да салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланған кездесуде, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты келісімдерге қол жеткізу қажеттігі және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қарқынды дамыту қажеттігі айтылды.