Өзбекстан-Польша ынтымақтастық апталығы өтеді
19-26 қыркүйек күндері "Өзбекстан мен Польша ынтымақтастық апталығы" өтеді.
Өзбекстан елшілігінің мәліметі бойынша, апталық іс-шараларына Польша Мәдениет және ұлттық мұра министрлігі мемлекеттік хатшысы Божена Желазовска және Белосток қаласының мэрі Тадеуш Трусколаски басшылығындағы делегация қатысады.
Өзбекстан мен Польша ынтымақтастық апталығы екіжақты саяси, парламентаралық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылуда.
Апталық барысында Ташкентте Өзбекстан-Польша әйелдер форумы, Хорезм облысында Өзбекстан мен Польша бірлескен бизнес-форумы, Ташкент және Үргеніш қалаларында Анна Германның "Сүйіспеншілік эйфориясы" атты концерті, Өзбек-поляк тарихшылары комиссиясының жиыны және бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізу жоспарланған.