Өзбекстан Польшаға 42 миллион долларлық тауар экспорттады
Өзбекстан биыл тоғыз айда Польшаға 42,8 миллион долларлық тауар экспорттады
Өзбекстан биыл тоғыз айда Польшаға 42,8 миллион долларлық тауар экспорттады.
Мемлекеттік кеден комитеті хабарлауынша, 2020 жылдың соңғы тоғыз айында Польшаға экспорттау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсіп, 12 миллион долларға артқан.
Атап айтқанда, Өзбекстаннан Польшаға 17,5 миллион долларлық жіп өнімі, 15 миллион долларлық тоқыма бұйымдары, 5,3 миллион долларлық химия өнімі, 2 миллион долларға металдар мен металлдан жасалған бұйымдар, 900 мың долларлық жеміс-көкөністер, 880 мың долларлық былғары және 444 мың доллар тұратын қағаз және картон, 395 мың долларлық ауылшаруашылық өнімдері экспортталды.