Су тасқынынан зардап шеккен халыққа гуманитарлық жүк тиелген арнайы ұшақ Термезден Пәкістанға ұшты.
Пәкістандағы алапат су тасқынынан зардап шеккендерге 29 қыркүйек күні таңертең Өзбекстан үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы бөлген гуманитарлық көмек тиелген ұшақ Термезден Карачиге ұшты.
Бұл алғашқы бірлескен гуманитарлық көмек Өзбекстан Қорғаныс министрлігі берген ұшақтармен жеткізілетін болды. Гуманитарлық көмек құрамында су тасқынынан баспанасынан айырылғандар үшін 15 тоннадан астам шағын баспана модулі бар.
Еске салар болсақ, бұған дейін Пәкістанда болған су тасқынынан зардап шеккендерге Президент Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша көмек ретінде 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек тиелген Өзбекстан әскери-әуе күштерінің Ил-76 ұшағы 1 қыркүйекте Исламабад халықаралық әуежайына қонып, әуежайда жүкті Пәкістанның ғылым және технологиялар жөніндегі федералдық министрі Ага Хасан Балоч қабылдап алған.