Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Пәкістанға гуманитарлық көмек жіберді
17:36 / 2022-09-01

Өзбекстан табиғи апат салдарынан зардап шеккен Пәкістанға гуманитарлық көмек жіберді.

Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жаз мезгіліндегі муссон жаңбыры салдарынан туындаған су тасқынынан зардап шеккен Пәкістан халқына Ташкенттен көмек көрсету үшін бүгін осы елге гуманитарлық жүк жөнелтілді.

40 тоннаға жуық жүк әскери әуе көлігімен жеткізіледі. Гуманитарлық жүк құрамында азық-түлік өнімдері, өсімдік майы, ұн, күріш, ет консервілері, кондитерлік және макарон өнімдері, тоқыма өнімдері және басқа да тауарлар бар.

Соңғы бірнеше аптада муссондық жаңбыр мен су тасқыны Пәкістанда 30 миллионнан астам адамның күнделікті өмірін бұзды. Елдің батысы мен оңтүстігіндегі Белуджистан мен Синд провинциялары қатты зардап шегіп, жүздеген мың адам баспанасыз қалды.

БАҚ дерегінше, Пәкістан әлем қауымдастығынан көмек сұраған. Толассыз жауған жаңбыр мен жаппай су тасқыны салдарынан 1 мыңнан астам адам қаза тапты.