Осакадағы «Shining Hat» Экспо-холлында Бүкіләлемдік көрмелер бюросының (BIE) марапаттау рәсімі өтті.
Атаулы шара «EXPO 2025 Osaka, Kansai» халықаралық көрмесінің қорытындысына айналды.
Мәдениет пен өнерді дамыту қоры ұйымдастырған Өзбекстан павильоны 1500 шаршы аумақты қамтитын павильондар арасында өз санатында ең жоғары марапат — «Тақырыпты ең жақсы ашып көрсету» номинациясы бойынша алтын медальға ие болды.

Бұл шешімді павильонды аралап көрген тоғыз сарапшыдан тұратын халықаралық қазылар алқасы қабылдады. Марапаттар бес түрлі павильон арасында үш негізгі номинация — «Архитектура және ландшафт», «Көрме дизайны» және «Тақырыпты ең жақсы ашып көрсету» бойынша табысталды.

— Біз ұсынған «Білім бағы: болашақ қоғамға арналған зертхана» тұжырымдамасында дәстүр мен инновацияның үйлесімі көрініс тапты. Біздің идеямыз әлемдік қауымдастықта кең резонанс тудырды, — деді Саида Мирзиёева.

Президент Әкімшілігінің басшысы кәсібилік пен жобаға деген сенім үшін бүкіл ұжымға, сондай-ақ халықаралық серіктестерге алғысын білдірді.