Өзбекстан пандемияның үшінші толқынына тап болған Ауғанстан еліне гуманитарлық көмек ретінде 1 000 оттегі баллонын жеткізді.
«Гуманитарлық көмек пандемияның үшінші толқынына тап болған Ауғанстан үкіметінің өтініші бойынша жүзеге асырылған болып, арнайы ұйымдастырылған салтанатты рәсімде Ауғандық делегация өкілі өз сөзінде Өзбекстан Президентіне үнемі көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Шавкат Мирзияев Ауғанстан үкіметінің жедел гуманитарлық көмек сұрауына бірінші болып жауап берген көшбасшы болды», делінген Өзбекстан СІМ хабарында.
Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Эргашев өз сөзінде пандемия жағдайына қарамай, Өзбекстан мен Ауғанстан шекарасы арқылы көрші елге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатқанын айтып, Өзбекстан көрші елге әрі қарай да жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.