Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қуатты армияға ие мемлекет болып тұр
14:11 / 2021-07-28

Global Firepower мәліметі бойынша Өзбекстан әлемдегі ең мықты армиялардың биылғы рейтингінде 140 елдің ішінде 51-орынға ие табан тіреген. Бұл бұрынғы КСРО елдері арасында Ресей, Украина және Беларуссиядан кейінгі төртінші көрсеткіш болса, Орталық Азиядағы ең қуатты армия.

Басылымның зерттеу орталығы қолда бар белсенді әскери күштердің жалпы санына қарай әлемдегі ең мықты армиялардың рейтингін жасады. Рейтингті жасауда әскери күш пен қаржылық мүмкіндіктерден бастап материалдық-техникалық ресурстар мен географияға дейінгі 50-ден астам жеке факторларды ескерілген.

Бұл ретте, АҚШ, Ресей және Қытай елдері рейтингтегі алғашқы үш орынды алған болса, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Бразилия және Пәкістан да алғашқы ондыққа енген.

Ал, 2021 жылы Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қуатты армиясы бар аймақ ретінде танылып, аймақтағы көрші елдер - Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан мен Тәжікстанды басып озды.

Global Firepower талдауы бойынша Өзбекстан рейтингте 140 елдің ішінде 51-орынды иеленді. Қазақстан 61, Түрікменстан 86, Қырғызстан 93, Тәжікстан 99-шы орынға жайғасқан.