Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз мемлекет
Әлем елдерінің 2021жылға арналған қылмыс пен қауіпсіздік индексін жариялады. Онда Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз мемлекет деп бағаланған.
Numbeo порталындағы әлем елдерінің қылмысы және қауіпсіздігінің 2021 жылғы индексі жарияланып, ол 100 баллды көрсеткішпен бағаланған. Мұнда қылмысты бағалау критерийлері неғұрлым төмен болса, қауіпсіздік коэффициенті соғұрлым жоғары дегені.
Ал осы критерилерге сай Өзбекстандағы 2021 жылғы қылмыстық көрсеткіштер 34,70 баллға тең болып, қауіпсіздік деңгейі 65,30 баллды құраған. Бұл көрсеткішпен Өзбекстан қауіпсіздік бойынша әлемде 40 орынға жайғасқан. Ал Орталық Азияда көш бастап тұр.