Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз ел деп табылды
Global Peace Index рейтингі бойынша Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз ел деп танылды.
Жаһандық бейбітшілік индексінің рейтингін жыл сайын Бейбітшілік институтының халықаралық сарапшылар тобының әлеуметтанушылары мен экономистері Сидней университетінің Бейбітшілік және жанжалдарды зерттеу орталығымен бірлесіп әзірлейді.
Қорытынды индексті құрастыру үшін сарапшылар келесідей көрсеткіштерді зерттеген:
- ішкі және сыртқы қақтығыстар, олардың қарқындылығы және құрбандар саны;
- көрші елдермен қарым-қатынас;
- халық арасындағы босқындардың үлесі;
- азаматтар арасындағы сенімсіздік деңгейі;
- саяси тұрақсыздық және қоғамдық тәртіп;
- саяси террор; лаңкестік әрекеттердің жиі орын алуы;
- 100 мың адамға шаққанда кісі өлтіру саны;
- тұтқындардың саны;
- ауыр қылмыс деңгейі;
- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны;
- ЖІӨ-дегі әскери шығыстардың үлесі;
- қаруды әкелу және әкету;
- БҰҰ немесе басқа күштердің контингенттеріне қатысу;
- атыс қаруының болуы және ауыр қарудың мөлшері;
- қарулы күштерді жаңғырту.
2022 жылғы жағдай бойынша рейтингке енген 163 елдің ішінде Ауғанстан соңғы орында тұр.
Орталық Азиядағы ең қауіпсіз ел ретінде Өзбекстан 86 орын алды. Түркіменстан 104, Қазақстан 97, Тәжікстан 92, Қырғызстан 91 орынға жайғасқан.
Рейтингтің алғашқы үштігінде Исландия, Жаңа Зеландия және Ирландия тұр.