Өзбекстан Орталық Азиядағы ең көп алтын қорына ие мемлекет
Өзбекстан Орталық Азиядағы ең көп алтын қорына ие мемлекет деп табылды.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) мәліметінше, Өзбекстан Орталық Азиядағы ең көп алтын қоры бар ел болып табылады.
2022 жылдың қарашасында Өзбекстанның алтын қоры 397,2 тоннаны құраған. Қазақстада – 380,4 тонна. Одан кейінгі орындарда Қырғызстан (16,4 тонна) мен Тәжікстан (5,7 тонна) тұр. Түркіменстан туралы ақпарат жоқ.
Дүние жүзіндегі ең көп алтын қоры бар ел – АҚШ, ондағы алтынның мөлшері 8133,5 тонна. Бұл Өзбекстанның резервінен 20 есе көп.
Одан кейінгі орындарда Германия (3355,1 тонна) мен Италия (2451,8 тонна).