Өзбекстан Үндістанға гуманитарлық көмек жібереді
Үндістандағы эпидахуалдың нашарлауына байланысты Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің тапсырмасымен 1 мамырда гуманитарлық көмек Дели қаласына жеткізілді.
«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жылжымалы оттегі концентраторларының жиынтығын, жоғары сұранысқа ие түрлі дәрі-дәрмектері бар гуманитарлық көмекті Дели әуежайында Өзбекстанның Үндістандағы Елшісі Дилшод Ахатов осы елдің Қызыл Крест қоғамы мен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілдеріне табыстады.
