Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Үндістан ынтымақтастығына 30 жыл
13:16 / 2022-03-19

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкарға дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты құттықтау хат жолдады.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құттықтау хатында екі ел халқының ғасырлар бойы қалыптасқан және ортақ тарих, мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген стратегиялық әріптестік қарым-қатынасы соңғы кездері бұрынғыдан да жандана түскені атап өтілген.

Өткен жылдың өзінде Өзбекстан мен Үндістанның сыртқы істер министрлері екіжақты және халықаралық форумдар мен іс-шаралар аясында алты рет кездесу өткізді. Бұл стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, ынтымақтастық аясын кеңейтуге деген өзара ұмтылыстың айқын көрінісі.

А.Камилов Өзбекстан мен Үндістанның бірлескен күш-жігерімен елдер арасындағы достық және ынтымақтастық қарым-қатынастары бұдан кейін де барлық салаларда, екі ел халқының игілігі үшін одан әрі дамып, тереңдей түсетініне сенім білдірген.