Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Үндістан мен Түркияға уақытша әуе рейстеріне шектеу қойды
14:28 / 2021-05-08

Үндістан мен Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Өзбекстанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, онымен күресу жұмыстарын үйлестіру және инфекцияның жаңа штаммдарының енуіне жол бермеу үшін Республикалық арнайы комиссияның шешімі қабылданды.

ДСМ-нің хабарлауынша, комиссияның шешімімен инфекция жұқтыру деңгейі жоғары болған атаулы елдерге ұшуға уақытша шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, Ысамбұлдан Ферғана, Үргеніш және Самарқандқа әуе рейстері 2021 жылдың 5 мамырынан 1 маусымына дейін тоқтатылады.

Үндістан мен Түркияға барлық чартерлік рейстер осы жылдың 10 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеледі.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Ташкент-Ыстамбұл бағытындағы рейстерді паритеттік негізде (сұраныс негізінде) ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап қысқарту туралы шешім қабылданған.