22 шілде күні Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Төрағасы Баходир Қурбонов бастаған делегация Ауғанстан астанасы Қабул қаласында Ауғанстан Барлау қызметінің төрағасы Абдул Хақ Васиқпен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Ауғанстанды халықаралық байланыстардың толыққанды мүшесіне айналдыру бағытында атқарылып жатқан күш-жігер жалғасып келе жатқаны атап өтілді.

Атап айтқанда, Өзбекстан Президентінің БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да беделді халықаралық жиындарда Ауғанстан мәселесі бойынша білдіріп жүрген бірізді және сындарлы ұстанымдары ерекше атап өтілді.
Екі ел арасында ауыл шаруашылығы, ирригация, энергетика, көлік, сауда және өзге де салаларда екіжақты келіссөздер белсенді түрде жалғасып жатыр.

Мемлекет басшысының бастамасымен Ауғанстанды өңірлік ынтымақтастыққа тарту мақсатында бұл елде экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ гуманитарлық көмекті жалғастыру мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Өзбекстан мен Ауғанстан шекараларында қауіпсіздікті сақтау, шекара бекеттеріндегі кіріп-шығу тәртібін жетілдіру, есірткі айналымының заңсыз жолдарын және терроризмге қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сол күні Ауғанстанның Қорғаныс министрі Мулла Мұхаммед Яқуб және Ішкі істер министрі Сирожиддин Хаққонимен де кездесулер өтті.
Аталған кездесулер Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынасты достық пен тату көршілік рухында одан әрі дамытуға қызмет етпек.