2024 жылдың қазан айында Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте 72-орынды иеленді.
Speedtest Global Index рейтинг мәліметтеріне сәйкес, қыркүйек айымен салыстырғанда Өзбекстан төрт сатыға төмендеді. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 38,97 Мбит/с-ті құрайды.
Сонымен қатар, Өзбекстан кабельді интернет жылдамдығы бойынша 74-орынға тұрақтады (орны өзгерген жоқ). Орташа жылдамдық – 76,12 Мбит/с.
Мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде көшбасшы Біріккен Араб Әмірліктері болды – 428,53 Мбит/с. Ал кабельді интернетте Сингапур алда келеді – 316,99 Мбит/с.
Айта кетерлігі, қазан айына дейін Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде төрт ай қатарынан жоғарылаған болатын: маусымда – 89-орыннан 77-орынға, шілдеде – 77-орыннан 74-орынға, тамызда – 74-орыннан 71-орынға, ал қыркүйекте – 71-орыннан 68-орынға көтерілген еді.