Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мешіттерінде Рамазан айына дайындық басталды
14:40 / 2021-04-01

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы қасиетті Рамазан айын лайықты қарсы алу, оны жоғары деңгейде өткізу мен мұсылмандарға қолайлы жағдай жасау үшін мешіттерде дайындықты бастады.

Атап айтқанда, мешіттерде карантин ережелерін қатаң сақтай отырып тарауих намазын оқуға қолайлы жағдай жасау мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 сәуірінде «Тазалық күні» өтеді.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделі жағдайын ескере отырып, тарауих намазы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі. Онда мешітке келушілердің медициналық маска тағу, арақашықтықты сақтау, дене температурасын өлшеу және антисептиктерді қолдану сынды карантиндік талап сақталады, делінген хабарда.