Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мергендері халықаралық жарыста екінші орынды иеленді
15:52 / 2022-07-01

Түркияның Эгридир қаласындағы оқу-жаттығу орталығының базасында жетекші елдердің әскери қызметкерлері арасында «Ең озық мергендер командасы» атты халықаралық жарыс өтті.

Қорғаныс министрлігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, байрақты бәсекеге Германия, Бахрейн, Қатар, Әзірбайжан сияқты әлемнің 12 елінен барлығы 33 команда және Түркияның өзінен теңіз күштері, жердегі арнайы жасақтар және арнайы операциялық күштер сияқты әртүрлі әскер түрлерінен 15 команда қатысты. 

Күндіз-түні жаттығуды қамтыған жарыс он күнге созылып, халықаралық жарыстың басқа ату жарыстарынан ерекшелігі – ату жаттығулары тікұшақ пен қайықтан қозғалыста орындалды. Сондай-ақ, жарыстың кез келген кезеңінде лазерлік қашықтық өлшеуіш құралдарын қолдануға рұқсат етілмеді, мергендер оптикалық құралдарды пайдалана отырып, 1000 метр және одан да көп қашықтықтағы нысананы анықтап, белгіленген мерзімде жойды.

Бұдан бөлек, жарысқа қатысушылар түнгі уақытта магниттік азимут бойынша таулы аймақта 6 сағат бойы қозғалып, белгісіз қашықтықта нысанды жойды.

Жарыс аумағы Өзбекстан Қорғаныс министрлігі өкілдеріне мүлде бейтаныс және нысана мен жаттығулар туралы толық ақпарат болмаса да, әскери қызметшілері барлық шарттарды сәтті орындап, 12 құрама команда арасында екінші орынды иеленді. Бірінші орын жарыс қабылдаушы ел өкілдеріне бұйырды.

Өзбекстандық әскерилерінің дайындығы мен шеберлігін түрік төрешілері мен мергендері жоғары бағалады.