Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Әзірбайжан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
12:16 / 2023-07-10

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесуінде көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және бірлескен жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Әзербайжан басшысы Мемлекет басшысын Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, дос Өзбекстан халқына бейбітшілік және гүлдену тіледі.

Алдағы жоғары деңгейдегі кездесуге дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Екі елдің үкіметтері деңгейінде экономикалық күн тәртібіндегі мәселелерді мұқият әзірлеу маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ халықаралық ұйымдар, соның ішінде Қосылмау қозғалысы мен Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.