Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Әзірбайжан бірлескен инвестициялық қор құруға келісті
10:21 / 2022-08-02

Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев Өзбекстанда іскерлік сапармен жүрген Әзірбайжанның Экономика министрі Микаил Джаббаровпен кездесті.

Министрлік мәліметінше, кездесуде тараптар мұнай-газ, химия өнеркәсібі, тоқыма және ауыл шаруашылығы салаларында жалпы құны 500 миллион доллардан асатын 87 бірлескен жоба мен сауда келісімдерін уақтылы және сапалы жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыруға келісті.

Сондай-ақ тараптар Өзбекстан-Әзербайжан инвестициялық қорын құру бастамасын жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екендіктерін растады және осыған байланысты қысқа мерзімде оның қызметін ұйымдастырудың «Жол картасын» қалыптастыруға, тиісті үкіметаралық келісімді әзірлеуге келісті.

Көлік-логистикалық қарым-қатынастарды нығайту перспективаларын талқылау барысында келіссөздерге қатысушылар Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы халықаралық автомобиль тасымалы туралы үкіметаралық келісім шеңберінде практикалық шараларды қабылдауды жеделдету, «Каспар» паромдарымен Каспий теңізі арқылы Өзбекстан үшін тауарлар тиелген жүк вагондарды тасымалдауды жеделдету туралы келісімге келді. 

Бұдан бөлек, тараптар ағымдағы жылдың қараша айында Ташкентте ұлттық тауарлар көрмесін ұйымдастыру, Өзбекстан мен Әзірбайжан облыстарының бірінші форумын жоғары деңгейде өткізу мақсатында өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Форумға дайындық аясында инвестициялық жобалар пакеті мен өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірленетіні айтылды.