Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Ниғматилла Юлдашев Әзірбайжан Республикасының Бас прокуроры Камрон Алиевпен кездесті.
Кездесу барысында Әзірбайжан делегациясына Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік және қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жүргізіліп жатқан реформалар, соның ішінде кәсіпкерлікті дамыту, халықты жан-жақты қолдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және прокуратура органдарының негізгі қызметінің бағыттары туралы ақпарат берілді.
Атап айтқанда, әзірбайжандық әріптестерге Өзбекстан прокуратурасының қызметіне заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, оның ішіде жұмыс барысын цифрландыру, электрондық қылмыстық-құқықтық статистикасы, «Е-материал», «Бюджетті бақылау» ақпараттық жүйелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы презентация өткен.
Тараптар Өзбекстан-Әзербайжан ынтымақтастығының көптеген салаларында пайдаланылмаған орасан зор әлеует бар екенін атап, ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Бас Прокурор Камрон Алиев «Өзбекстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.
Әзербайжандық делегация мүшелері Бас прокуратураның мұражайына экскурсия жасап, академиясының қызметімен де танысты.