Өзбекстан мен Әзірбайжан арасында жаңа халықаралық келісім бекітілді
Алдағы уақытта Өзбекстан және Әзірбайжан өсімдіктер карантині мен қорғау саласында ынтымақтастық жасайды.
Осыған байланысты «Халықаралық келісімді бекіту туралы» Президенттің шешімі қабылданды.
Қаулыға сәйкес Өзбекстан мен Әзірбайжан үкіметтері арасындағы өсімдіктер карантині және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Бұл келісімге 2022 жылы 21 маусымда Ташкентте қол қойылған.
Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігі осы халықаралық келісімнің орындалуына жауапты уәкілетті орган болып белгіленген.
Министрлер кабинеті және тиісті министрлік пен ведомстволардың басшылары осы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін Өзбекстанның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.