Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Әзербайжан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
20:45 / 2025-08-09

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 9 тамыз күні Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы бауырлас Әзербайжан халқын және ел көшбасшысын тарихи оқиға – кеше Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік декларациясының қол қойылуымен құттықтады.

сқхбат барысында жақын уақытта бейбітшілік келісімінің ресми түрде бекітілуі Оңтүстік Кавказда бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеуді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынына сенім білдірілді.

Сондай-ақ, Өзбекстан Президентінің биылғы шілде айындағы Әзербайжанға мемлекеттік сапары аясында жасалған уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар барлық деңгейде тиімді диалог пен алмасулардың жалғасып жатқанын атап өтті. Биылғы жылдың басынан бері өзара тауар айналымы 30 пайызға өсті. «Жол картасы» аясында экономиканың түрлі салаларында перспективалы кооперациялық жобалар әзірленуде. Мұнай-газ саласындағы стратегиялық жоба бойынша қол қойылған Өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

Көшбасшылар алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер мен іс-шаралар жоспарын да қарастырды.