French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Әзербайжан Президенті телефон арқылы сөйлесті
16:52 / 2021-11-05

5 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу басында Әзербайжан Президенті Мемлекет басшысын Өзбекстандағы Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, Өзбекстан халқының әл-ауқаты мен гүлденуін қамтамасыз ету жолындағы қызметіне толағай табыстар тіледі.

Өзбекстан басшысы өз кезегінде Әзербайжан басшысы мен бауырлас халқын келе жатқан ұлттық мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік пен гүлдену тіледі. 

Тараптар Өзбекстан - Әзербайжан стратегиялық серіктестігін нығайту және көп қырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Көшбасшылар өзара сауда көрсеткіштері тұрақты қарқынмен өсуі мен экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобалардың саны артып келе жатқанын қанағаттанарлықпен атап өтті. Биыл Ходжикабулда автокөлік өндірісі жолға қойылғаны, ауыл шаруашылығы мен жібек саласындағы бірлескен жобалар табысты ынтымақтастықтың мысалы екені де сөз болды.

Келесі айда Бакуде Өзбекстанның ұлттық өнеркәсіп көрмесі өтеді. Осыған орай Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің келесі отырыстарына дайындық жүріп жатыр.

Сұхбат барысында көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде астаналар арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелері талқыланып, Өзбекстан мен Әзірбайжан аумағында бірлескен мәдени-гуманитарлық іс-шараларды тұрақты түрде өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Президенттер аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілері, соның ішінде Түркі кеңесінің алдағы саммитінің күн тәртібі туралы пікір алмасты. Жоғары деңгейдегі кездесулердің жоспары қарастырылды.