Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы одақтастық келісім ратификацияланды
11:47 / 2025-05-01

Өзбекстан Республикасы Сенатының жалпы отырысында «Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы одақтастық қатынастар туралы келісімді (2024 жылғы 23 тамыз, Ташкент) ратификациялау туралы» заң мақұлданды.

Аталған келісімге екі елдің басшылары 2024 жылдың 23 тамызында Ташкентте өткен Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысы аясында қол қойған болатын.

Сенаттың халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, инвестициялар және туризм жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Одилжон Маматкаримовтың айтуынша, құжат екі мемлекеттің тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы мен экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, тараптар арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, келісімдік-құқықтық негізін бекітеді.

Келісімде елдердің бір-біріне қарсы бағытталған әскери-саяси одақтарға қатыспау, сондай-ақ одақтастыққа нұқсан келтіретін кез келген әрекеттен аулақ болу сынды өзара міндеттемелер нақты көрсетілген.

Сенаторлар ратификациялаған құжат Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы сенімге негізделген достық пен стратегиялық байланыстарды одан әрі тереңдетуге жол ашады.

Сондай-ақ, бұл келісім саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Құжат аясында логистика, энергетика, өнеркәсіп, білім беру және туризм салаларында бірлескен жобаларды дамытуға және аймақтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға мүмкіндік туады.