English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен ЮНИСЕФ: Балалар мүддесін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық артады
20:21 / 2023-10-09

Өзбекстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) институттарымен, атап айтқанда ЮНИСЕФ-пен қарым-қатынасы нығайуда. Ынтымақтастық аясында бірқатар ірі бірлескен іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылуда.

Балаларға жан-жақты қолдау көрсету, оның ішінде олардың сапалы білім алуына жасалған жағдайдың тиімділігін арттыруда құрылымның алатын орны ерекше.

Бұл туралы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева Өзбекстанда жұмыс сапарымен жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Регина Де Доминициспен кездесуінде атап өтілді. 

Кездесуде Өзбекстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектілері қарастырылып, қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған ұсыныстар талқыланды.

Диалог барысында 2024-2025 жылдары тамақтану бойынша екінші ұлттық зерттеу жүргізу, балалардың өсуі мен дамуын зерделеу, балалардағы тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ балаларды әлеуметтiк қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi практикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ білім беру, инклюзивті білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және институционалдық негіздерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Өзбекстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесе отырып, көп индикаторлы кластерлік бақылауларды (МИКС) жүргізу ауқымын одан әрі кеңейту бойынша күш-жігерді біріктіру және осы зерттеуге ресми мемлекеттік ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарын тартуға келісілді. Сондай-ақ БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын жақын арада қабылдау қажеттігіне де ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Өзбекстанның ЮНИСЕФ-пен конструктивті және тиімді ынтымақтастығын практикалық жобалармен нығайтуға келісілді.