Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қытай сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
10:10 / 2020-05-06

Тараптар БҰҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты


2020 жыл 5 мамыр күні Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Қытай Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан СІМ-ның хабарлауынша әнгімелесу барысында сыртқы істер министрлері көпжақты өзбек-қытай стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтудың маңыздылығын жайлы сөз айтылып, жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесі мен күн тәртібі талқыланды.

Сондай-ақ қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруымен сыртқы саяси ведомстволар арасындағы саяси консультациялардың келесі кезеңін, ынтымақтастық жөніндегі Өзбексатн мен Қытай үкіметаралық комитетінің салалық кіші комитеттерінің отырыстарын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Карантиндік шектеулер жағдайындағы екіжақты қатынастардың өзекті аспектілерін талқылау үшін ынтымақтастықтың жаңа форматтарын белсенді қолдануға уағдаластық жасап, коронавирустық инфекцияның пандемиялық салдарын еңсерудегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Тараптар БҰҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.