Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызыстан шекарасында шыққан дауға МҚҚ түсініктеме берді
10:11 / 2020-01-08

Қырғызстандық шопандар Өзбекстан шекарасын заңсыз бұзып кіріп, 500-ге жуық ұсақ малдарын оттатқан


6 қаңтар сағат 13:30 шамасында Наманган облысы Поп ауданына қарасты «Ақ-Курче» шекаралық аумағында өзбек шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзан бейтаныс кісілерді байқаған. Осыған оқиғаға қатысты Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Қырғызыстан шекаралық қызметімен кездесу өткізген.

Мемлекеттік шекараны бұзған қырғызстандық шопандар 500-ге жуық ұсақ малды оттатып жүріп, байқаусызда тыйым салынған аймақтан 1,5 км қашықтыққа өтіп кеткен. Бұл жағдайды байқаған Өзбек шекара қызметінің оқиға орнына жетіп келгенше шопандар отардың үлкен бөлігін Қырғызыстанның Жалалабат облысы Ала-Бұқа ауданына айдап алып кеткен.

Атаулы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекара ведомстволары арасында кездесу өтіп, қазірде шекаралық аймақ тұрғындары мен түсінтіру жұмыстары жүргізілуде.