Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері телефон арқылы сөйлесті
13:40 / 2019-11-16


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 16 қарашада Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат кезінде Мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеп, Қырғыстан мен Өзбекстан арасындағы достықты, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін шексіз ризашылық білдірді.

Мемлекет басшылары өзбек-қырғыз іскерлік ынтымақтастығын одан әрі кеңейтудің маңызды аспектілерін талқылап, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі кездесулердің жоспарлары талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.