Өзбекстан мен Вьетнам сыртқы істер басшылары телефон арқылы сөйлесті
2024 жыл 22 шілдеде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Вьетнам Сыртқы істер министрі Буй Тхан Сонмен телефон арқылы сөйлесті.
СІМ мәліметінше, Бахтиёр Саидов Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің атынан Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Нгуен Фу Чонгтың қайтыс болуына байланысты тағы да көңіл айтқан.
«Екіжақты қарым-қатынастарды байыту, қарқынды ынтымақтастықты дамыту, барлық салаларда жаңа байланыстырушы көпірлер салу үшін екі едің пайдаланатын мүмкіндіктер көп екені атап өтілді.
Болашақта жоғары деңгейдегі алмасулар, экономикалық және инвестициялық қатынастарды жандандыру мәселелері талқыланды», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, Өзбекстан мен Вьетнам сыртқы істер министрліктері арасында орнатылған тығыз ынтымақтастық жоғары бағаланатыны атап өтілген.