Олий Мажлис Сенатында Венгрия Мемлекеттік аудит мекемесінің төрағасы Ласло Виндиш бастаған делегациямен кездесу өтті.
Сенат Төрайымы Танзила Нарбаевамен өткен кездесуде Ласло Виндиш Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларды, көршілес елдермен тату көршілік саясатын, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ашық әрі прагматикалық сыртқы саясатты жоғары бағалады.
Кездесуде Өзбекстан мен Венгрия арасындағы көпжылдық достық пен бауырластық байланыстарға, сондай-ақ екі халық арасындағы қарым-қатынастың тарихи маңызына ерекше мән берілді.

Екі ел басшыларының күш-жігері нәтижесінде дамып келе жатқан стратегиялық серіктестік және оның болашағы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, сауда, экономика және су шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ екі мемлекеттің өңірлері арасындағы өзара байланыстарды жандандыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Кездесуде мемлекеттік деңгейдегі тапсырмалардың орындалуын бақылау тәжірибесімен алмасу және парламентаралық байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасылды.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және белгіленген бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.