Өзбекстан мен Венгрия СІМ басшылары кездесті
2024 жыл 7 мамырда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийяртомен кездесті.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан мен Венгрия арасындағы көп қырлы стратегиялық серіктестік күн тәртібі кеңейіп жатқаны атап өтіліп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастық, бірқатар салалардағы қарым-қатынастарды одан әрі жандандыру жолдары талқыланды.
«Өзбекстан Үкіметі мен Венгрия Үкіметі арасында жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы және Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Венгрия Сыртқы істер және сауда министрлігі арасында 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды», делінген хабарламада.