Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Венгрия сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаласты
15:34 / 2021-03-30

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан келіссөздерді екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен жалғастырды.

Кездесуде Мемлекет басшысы пандемия жағдайна қарамастан, Венгриядан үлкен құрамды делегацияның келуі өзара достық пен құрметтің берік екендігінің дәлелі екенін айтты.

Соңғы төрт жылда екі ел арасындағы тауар айналымы үш есеге жуық өсті. Пандемияның қиын жағдайында да, бұл оң динамика сақталды.

Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық саласында пайдаланылмаған үлкен мүмкіндіктер бар екендігі айтылып, сондықтан басты назар сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталды.

Президент Шавкат Мирзияев екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру, сауда көлемін теңестіру және қажетті өнімдердің өзара жеткізілімін көбейту маңыздылығын жеткізді.

Осыған байланысты Будапешттегі өзбек-венгр сауда палатасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет екендігі басты назарда болды.

Өндірістік кооперация - бұл ынтымақтастықтың тағы бір басым бағыты. Венгрияның озық тәжірибелеріне сүйене отырып, Өзбекстанда тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, химия және машина жасау саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру туралы келісім жасалды.

Мемлекет басшысы екі елдің аймақтары арасында серіктестік қатынастар орнатуды және жыл сайын Өңірлік форум өткізуді ұсынды.

Венгрия ауылшаруашылығы, жемістерді сақтау және қайта өңдеу, балық шаруашылығы мен ұрықтық саласындағы озық тәжірибелері және технологиялармен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Кеңейтілген кездесуде мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым және білім саласындағы байланыстарды кеңейту жайлы әңгіме айтылып, биылғы оқу жылында Венгрия университеттерінде өзбек студенттері үшін 100-ден астам грант бөлінгені мәлімденді. Сондай-ақ,  Ташкентте биыл Дебрецен университеті ашылатыны айтылды.